ХАБАРЛАНДЫРУ! БОС ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУ

Shape Image One
ХАБАРЛАНДЫРУ! БОС ЛАУАЗЫМҒА ҚАБЫЛДАУ

«Атырау облысы  Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына бос және уақытша бос  орындарға білім берудің озық әдіс-тәсілдерін  меңгерген, білімді, мектептің оқу мен оқыту үдерісінің жан-жақты дамуына бар күш-жігерін салатын пән мұғалімдері мен  жас мамандарға төмендегідей бірлік бойынша конкурс жариялайды:

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.

✅1.Педагог психолог — 2 бірлік , тұрақты

✅2. Дефектолог- 1 бірлік, (уақытша)

✅3. Бастауыш сынып мұғалімі — 1 маман (оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅4. математика пәні мұғалімі — 48 сағат (оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅5. Орыс тілі мен әдебиеті- 27 сағат(оқыту орыс тіліндегі сыныптарға,тұрақты);

✅6.Логопед — 0,5 бірлік , тұрақты 

✅7. Педагог профориентатор — 1 бірлік, тұрақты

✅8. Жаратылыстану, география пәні мұғалімі — 16 сағат (оқыту орыс тілінде)

Құжаттар  2025 жылдың 25 қыркүйек- 2 қазан аралығында қабылданады;

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген  қабылдау мерзімінде төмендегідей көрсетілген құжаттар тізбесін электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

????1.  3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш

????2. Жеке басын куаландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(сәйкестендіру үшін) 

????3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса)

????4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

????5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса)

????6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

????7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама

????8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама

????9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)

????10. Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат

????11.  12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

????12. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат 

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары — еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;

????Құжаттарды қабылдау уақыты: 25.09.2025-02.10.2025

????Конкурс өтетін күні: 06.10.2025

????Конкурс «Жалпы білім беретін №21 Ж.Жабаев атындағы орта мектеп» ғимаратында өтеді. Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,  Атырау қаласы, М.Өтемісова 118

Телефон нөмірлері: +77012605450

Электрондық пошта: atyrau.school9@edu.mail.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *