“Папа,мама и я-спортивная семья” атты спорттық сайыс өтті
“Жалпы білім беретін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп” КММ 08.09-14.09 аралығында Отбасы күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Папа,мама и я-спортивная семья” атты спорттық сайыс өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың отбасына, ата-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, бірлік пен татулықты нығайту;
Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылығын арттыру;
Достыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Қимыл-қозғалыс арқылы балалардың денсаулығын нығайту, ептілік, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.